Революция жетекшісі: Палестинаны азат ету – илаһи сүннет
Қасиетті Рамазан айының бірінші күні хазірет имам Хомейнидің хосейниесінде илаһи сөздердің сәулесімен біртұтас нұрланып, қарилер мен Құранды мадақтаушылар хазірет аятолла Хаменеидің қатысуымен Құранмен жақын танысу жиынын өткізді.
Ислам революциясы жетекшісінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ислам революциясының жетекшісі бұл кездесуде ислам үмбетінің бүгінгі таңдағы маңызды қажеттіліктерінің бірін Құранмен жақын танысып, оның нұсқауларына сәйкес амал ету деп атап, қазіргі кездегі ислам әлемінің қиындықтарын, соның ішінде Палестинаның өкінішті жағдайы мен сионистік режимнің соңғы күндері жасаған қылмыстарының ислам үмбетінің Құраннан алыстауының салдары деп атап: "Бейт ул-Мұқаддас – Палестинаның астанасы. Илаһи көмекпен Палестина дұшпандардың қолынан азат етіліп, АҚШ пен оның жолын қуушылар илаһи ақиқат пен сүннеттің алдында еш нәрсе жасай алмайды",- деді.
Хазірет аятолла Хаменеи өмірдің барлық аспектілерінде Құранға көбірек көңіл бөлу қажеттігін еске салып, ислам әлемінің басына туған бақытсыздықтарға, әсіресе Палестина халқының жағдайына тоқталып: "Осы соңғы бірнеше күннің ішінде жалған сионистік режимнің алпыстан астам адамды шәһид етіп, мыңдаған адамды жаралаған қылмыстарына куә болдық. Мұндай жағдайда кейбіреулер АҚШ пен батыс үкіметтерінің басым бөлігі осы қылмыстарды жүзеге асыруда сыбайлас болған жағдайда АҚШ неліктен нақты позиция ұстанбайды деп шағымдануда",- деді.
Хазірет аятолла Хаменеи исламға қарсы дұшпандықтардың бітпейтінін баса айтып: "Егер ислам үмбеті Құранмен жақындасатын болса, Құранда айтылғандай дұшпанды жеңетіні шәксіз. Себебі, бұл – илаһи уәде",- деді.