Иран Сыртқы істер министрі Помпеоның араласушылық сөзіне жауап қайтарды
(last modified Tue, 22 May 2018 07:34:14 GMT )
Maм 22, 2018 13:34 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Помпеоның араласушылық сөзіне жауап қайтарды

Иран Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы сөздерін бұл елдің сандырағының белгісі деп атап: "Иран АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа стратегиясында баяндалған айыптарды қабылдамай, Майк Помпеоның сөзін ішкі істерге әшкере араласушылық санайды",- деді.

IRNА-ның мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде: "Помпеоның негізсіз, тіл тигізетін әрі араласушылық уәждері мен Иран халқына қарсы бос сөз айтуы АҚШ үкіметінің Иран халқының алдында не істерін білмей, сандырақтауы, сондай-ақ, әлемдік ой-пікірді бұл елдің заңсыз әрекеттері мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы келісімінен бұзудан бұрмалауды көздейтінін көрсетеді",- деп айтылған.

Аталмыш мәлімдеме Помпео уәждерінің АҚШ-тың мәліметтерінің аздығын, ой-өрісінің осалдығын, сараптамасының артта қалғанын және шешім қабылдау кездегі сандырағын көрсеткенін қуаттап: "АҚШ-тың соғысқұмарлары не тарихты білмейді немесе одан сабақ алуды білмейді.

Санаулы режимдерден басқа әлемнің бүкіл мемлекеттерінің қарсылықтарына қарамастан өзінің саяси, құқықтық және халықаралық міндеттемелерін бұзған АҚШ режимі өз міндеттемелеріне табанды болған Иран сынды үлкен елге шарт қоятын жағдайда емес",- деп баса айтты.