Иран СІМ елдің Орталық банкінің басшысына салынған санкцияға реакция білдірді
Иран Сыртқы Істер Министрлігі елдің Орталық банкінің басшысына Америка тарапынан салынған санкцияға реакция білдіріп: «Америка Қаржы министрлігінің әрекеттерімен қарсыласуда Иран үшін барлық халықаралық құқықтық және саяси шешім жолдарына жүгіну құқығы сақталған» деп қуаттады.
Иран СІМ сәрсенбі күні Американың Иранның Орталық банкінің басшысы мен оның директорларының бірінің есімінің санкциялар тізіміне енгізуін айыптап: «Американың мұндай біржақты әрі бүлдіргі қатынасының жалғасуы халықаралық қаржы-валюта саласындағы байланыстарда жағымсыз салдарларға ие болады. Америка үкіметінің әрекеті бұл үкіметтің халықаралық міндеттемелеріне мән бермейтінін көрсетіп, халықаралық бақылаушылар үшін келісімді бұзушы және барлық халықаралық міндеттемелер мен келісімдерге табансыз ел деген ой қалыптастырды» деді.