Maм 28, 2018 14:44 Asia/Almaty
  • Еуропалықтармен

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Арақчи соңғы екі аптада еуропалықтармен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздерде жақсы ілгерілеушіліктердің болғанын, алайда нәтиженің әлі қанағаттандырарлық емес екенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи жексенбі күні кешке Иранның 2-ші арнасына берген сұхбатында Еуропаның Иранмен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздерде  байсалды қатынас көрсетіп жатқанына куә болғанын айтып: "Еуропалықтардың Иранның осы бағдарламаға қатысты талап-тілектерін орындай алатындығына әлі толық көз жеткізілмеді",-деді.

Арақчи келіссөздер үдерісі мен Ислам революциясы жетекшісі шарттарының орындалу тәсілін баяндап: "Еуропалықтар Иранның талап-тілектерін қамтамасыз ету тәсілін айқындап, оны қалай қамтамасыз ететінін айтуы керек",-деді.

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары, сондай-ақ зымыранға қатысты келіссөздерді Иран келісімгерлер тобының «қызыл сызығы» деп атап: "Мұндай келіссөз мүлдем жүргізілмейді",-деді.  

Арақчи ИИР-ның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында мүдделері қамтамасыз етілгенге дейін келісімде қалатынын айтып: "АҚШ-тың осы бағдарламадан шыққаны айқын болғанда, еуролықтар аталмыш бағдарламадағы Иранның мүдделерін қамтамасыз ете алуы үшін мұрсат сұрады",-деді.

 

Тегтер