Иран президенті Қытайға сапармен барады
https://itolqyn.com/news/iran-i37344
ИИР-ның президенті Хасан Рухани Қытай басшысы Си Цзиньпиннің ресми шақыруымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының саммитына қатысып, баяндама жасау үшін Қытайға сапармен барады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 28, 2018 20:16 Asia/Almaty
  • Иран президенті Қытайға сапармен барады

ИИР-ның президенті Хасан Рухани Қытай басшысы Си Цзиньпиннің ресми шақыруымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының саммитына қатысып, баяндама жасау үшін Қытайға сапармен барады.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының саммиты маусым айының 9-10 күндері Қытайдың Шаньдун провинциясының Циндао портты қаласында өтеді.

IRNA-ның дүйсенбі күнгі мәліметіне сәйкес, ИИР президенті кеңсесінің Байланыстар және ақпарат тарату басшысының орынбасары Парвиз Исмаили Руханидің екі күндік сапарда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының саммитына қатысуымен қатар саммитке қатысатын мемлекеттердің басшылары және делегация басшыларымен, соның ішінде Қытай басшысы мен саммитпен байланысты кейбір халықаралық ұйымдардың басшыларымен де екіжақты кездесулер өткізетінін хабарлап, Руханимен сапарға ИИР-ның саяси-экономикалық басшыларынан құралған жоғары дәрежелі делегация бірге баратынын айтты.