Әли Лариджани Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы болып қайта сайланды
Maм 30, 2018 14:50 Asia/Almaty
Әли Лариджани көпшілік дауысқа ие болып, үшінші рет Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.
Бүгін, сәрсенбі күні 279 депутаттың қатысуымен Мәжіліс Төрағасының сайлауы өтіп, Әли Лариджани сайлаудың екінші кезеніңде 147 дауысқа ие болып, үшінші рет заң шығаратын органның басшысы болып сайланды. Мұхаммад Реза Ареф 123 "оң" және 9 жарамсыз дауысқа ие болды. Мәжіліс отырысының басында Мәжіліс төрағасы лауазымына үміткерлердің есімдері жарияланды.
Тегтер