Ваези өзінің әзірбайжандық әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Tue, 05 Apr 2016 09:58:53 GMT )
Сәу 05, 2016 15:58 Asia/Almaty
  • Ваези өзінің әзірбайжандық әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасты

Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Махмуд Ваези өзінің әзірбайжандық әріптесімен телефон арқылы сұхбатында Иранның Әзірбайжан Республикасы мен Армения арасындағы қақтығысты тоқтатып, қайшылықты шешіп, атысты тоқтату бітімін орнатуға көмектесуге дайын екендігін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ваези осы сұхбатта: «Иран Әзірбайжан Республикасы мен Армения арасындағы қақтығыстардың тез арада тоқтатылуын қалайды.

Қақтығыстардың жалғасуы аймақтағы барлық халықтардың мақсат-мүдделеріне зиян тигізіп, шығын әкеледі»,-деп мәлімдеді.

Әзірбайжан Республикасының Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Шахин Мұстафаев телефон арқылы орнаған сұхбатта ИИР-ның осы дағдарысты шешіп, соғыс пен қантөгіс отын сөндіруге көмектесу үшін жасап жатқан талпыныстарына алғыс білдіріп: «Әзірбайжан Республикасы неғұрлым жылдам қақтығыстардың жалғасуының алдын алуды қалайды, сондықтан Әзірбайжан Президенті бір жақты түрде атысты тоқтату бітімін жариялады»,-деді.