Лариджани: Илаһи діндердің диалогы әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылыққа негіз болады
(last modified Sat, 02 Jun 2018 15:11:38 GMT )
Маусым 02, 2018 21:11 Asia/Almaty
  • Лариджани: Илаһи діндердің диалогы әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылыққа негіз болады

Иранның исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы илаһи діндердің диалогын әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылық үшін негіз деп атап, оның қажеттілігін қуаттады.

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Али Лариджани зәрдуштердің әлемдік он бірінші Конгресіне жолдауында илаһи діндердің диалогының қажеттілігін қуаттап: «Диалог әлемдік бейбітшілік және тұрақтылықпен байланысқан, шиеленіссіз, бірқалыптылық және теңдікпен астасқан көзқарасқа сындарлы негіз бола алады. Илаһи діндердің мақсаты да осы өзекке шоғырланған.
Бір Құдайға табынған ирандықтар ертеден азат ой, рационалдық және пәк ұжданмен құқық пен ізгі армандарды мақсат етіп, оның таралуы үшін  шындап талпыныс жасады. Илаһи діндердің ізбасарларының адами көзқарас және діннен туындаған тағылымдарымен мағрифатты танып, тыныштық пен жақсы ахлақ таратуды көздейтін диалогы әрдайым мақтауға лайық» деп қуаттады.

Зәрдуштердің әлемдік Конгресі Аустралияның Перт қаласында өтіп жатыр. Ираннан басталған бұл Конгресс шамамен бес жылда бір рет өтеді.