Шамхани: Иранның Палестинаны қолдауы – принципті, сенімдік және діни міндет
Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің хатшысы ИИР-ның Палестианы қолдауына тоқталып, оны принципті, сенімдік және діни міндет деп атады.
Али Шамхани ирандық «Шарқ» газетіне берген сұхбатта: «Иран Палестина халқына қарсы қатігездіктерді тоқтату үшін ислам әлеміндегі әртүрлі елдермен жан-жақты сұхбаттар мен кеңесулер өткізді. Ақпараттық және халықтық ұйымдардың әлеуеттерін жұмылдырып, зұлымдықтар мен қылмыстардың бір бөлігін әлемдіктерге көрсете алды. Нәтижесінде Америка қысымға алынып, сионистік режим көбірек оқшауланды» деді.
Шамхани Америка елшілігінің Тели-Авивтен Құдсқа көшірілуіне тоқталып: «Американың ақылсыз шешімдері ислам әлемінің көбірек одақтасуы мен палестиналық топтардың барлығының бірігуіне себеп болды.
Аймақта лаңкестердің көзінің жойылуы Палестинаның тағы да ислам әлемінің бірінші мәселесіне айналуына себеп болды. Иранның аймақтық саясаттарының өзегі аймақтан тыс елдердің тұрақсыздық тудырушы құзырын теріске шығарып, мазлұмдарды қорғап, лаңкестермен күреске негізделген» деді.