Иранның стратегиясы – Палестинаны қолдап, сионистік режимді ресми түрде танымау
Иранның Спорт және жастар министрі ирандық спортшылардың сионистік режимнің спортшыларымен сайысқа түспегеніне тоқталып, Иранның заңсыз сионистік режиммен күресу үшін барлық құралдар мен мүмкіндіктерді пайдаланатынын қуаттады.
Масуд Солтанифар тілшілерге берген сұхбатында Палестина мен Құдстың 70 жылдан астам уақыт бойы сионист басқыншылардың қолында екендігіне тоқталып: "Сионистік режим мен осы режимнің демеушілері әлемдік үстемшілдер әлем халықтарымен, соның ішінде Таяу Шығыс халықтарымен зорлық тілімен сөйлеседі, сондықтан Иран да олармен күш-қуат тілімен сөйлесуі керек",-деді.
Иранның Спорт және жастар министрі Ислам революциясын жеңіске жеткеннен кейін қарсыласу майданына жаңа рух берілгенін айтып: "Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Иран сионистік режимнің аймақтағы басқыншылығымен жан-жақты күресу үшін жаңа стратегия қабылдап, басқыншыларды аймақтан шығару үшін түбегейлі қадамдар жасады. Ирандық спортшылар сионистік режиммен тура кездесу қажет болғанда бұл режимді ресми түрде танымай, сионист спортшылармен сайысқа түсуден бас тартып келеді",-деді.