Зариф: Палестиналық мейірбикенің шаһадаты сионистік режимнің абыройсыздығын арттырды
(last modified Sun, 03 Jun 2018 15:50:33 GMT )
Маусым 03, 2018 21:50 Asia/Almaty
  • Зариф: Палестиналық мейірбикенің шаһадаты сионистік режимнің абыройсыздығын арттырды

Иран Сыртқы істер министрі Газа секторындағы палестиналық мейірбикенің шәһид болуын сионистік режимнің абыройсыздығының артуына себеп болды деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында БҰҰ-ның сионистердің Палестина халқын қыруын айыптаған қарарына АҚШ-тың вето құқығын қолдануына тоқталып: "Сионистік режим ирандықтарға ақымақ жолдау жіберіп, сол режимнің америкалық қолдаушылары қарусыз шерушілерге қарсы қырып-жоятын күш қолдануды айыптайтын қарарға вето жариялаған аптада олардың мергені жарақат алған адамдарға көмектесіп жүрген мейірбикені өлтірді. Бұл абыройсыздықтың үстіне қосылған абыройсыздық",- деп жазды.

Палестиналық мейірбике Разан әл-Наджар Газа секторы мен басып алынған жерлердің шекарасында қатарынан оныншы жұма өтіп жатқан "Оралу құқығы" шеруі кезінде сионистік әскерилердің оғынан шәһид болды.

Жұма күні Кувейттің сионистік режимнің басып алынған жерлердегі қылмыстарын зерттеуді талап еткен ұсыныс қарары Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің 11 "оң" дауысына ие болғанымен, АҚШ-тың ветосымен қабылданбады.