Бүгін – ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің қайтыс болған күнінің жылдығы
(last modified Mon, 04 Jun 2018 09:50:33 GMT )
Маусым 04, 2018 15:50 Asia/Almaty

Бүгін дүйсенбі х.ш.ж.с.б 1397 жылдың хордад айының он төрті, х.қ.ж.с.б 1439 жыл Рамазан айының он тоғызы, сәйкесінше 2018 жылдың маусымның төртінші жұлдызы ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің қайтыс болған күнінің 30-шы жылдығы саналады.

29 жыл бұрын осы күні Иран ислам революциясының ұлы жетекшісі Рухалла Моусави Хомейни 87 жылдық талпынысқа толы тынымсыз өмірінен кейін көз жұмды.

Имам Хомейни шамси жыл санағы бойынша 1342 жылдан бастап шахтың үстемшіл режимі мен АҚШ-тың Иранның ішкі істеріне араласушылықтарына қарсы күресін бастап, ақырында шах режимі тарапынан Түркияға, содан соң Иракқа жер аударылды.

Күрес шарықтау шегіне жетіп, имам Францияға жер аударылып, кейін хазіретт салтанатты түрде Иранға оралуған соң Иранның ислам революциясы х.ш.ж.с.б 1357 жылы түпкілікті жеңіске жетті.

Сол себепті, бүгін дүйсенбі күні кешке, яғни Теһран уақыты бойынша сағат 17:30-да Ислам революциясы жетекшісінің сөз сөйлеуімен исламдық Иранның жер-жері мен әлемнің түрлі елдерінен келген халықтың жаппай қатысуымен имам Хомейнидің қасиетті кесенесінде арнайы шаралар өткізіледі.