Революция жетекшісі: Имам Хомейни – Иран халқы тарихи өмірінің жаңаруының көрінісі
Революция жетекшісінің ақпарат тарату торабы жексенбі күні хазірет аятолла Хаменеидің 1999 жылдың наурыздың жиырма бірі күні имам Хомейнидің қайтыс болуының жылдығы қарсаңында сөйлеген сөзінің бір бөлігін қайта жариялады.
Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейниді Иран халқы тарихи өмірінің жаңаруының көрінісі деп атап: "Иран халқы өткен ұзақ ғасырлар бойы, тіпті, қатты алысқа бармайа-ақ, дәл осы соңғы ғасырларда билігі мен заңдылығы зорлық пен күштеуге негізделген адамдарды өлтіріп, күштеп, қанды оқиғаларды жүзеге асыру арқылы билік басына келген адамдардың үстемшілдігін айыптап келді.
Бұл елдің билеушілері белгілі бір уақытта озбырлық, үстемшілдік және өктемшілдікпен өмір сүрді. Дәл сол кезеңдегі майдандардың бірінде Иран халқының қуатын көрсете алатын кейбір лайық, батыл адамдар болды. Бірақ кейбіреулер бұдан да кенде еді. Олар дүниеден өткеннен кейін, халық оларды таңдау, қалау, қабылдау мен мақұлдауда ешқандай рөл атқармаған жағдайда олардың мұрагерлері, балалары, ағалары немесе немере ағалары ешбір құқықсыз билік басына келетін",- деді.