ИИР-ның негізін қалаған ұлы тұлғаны Ауғанстан мен Пәкістанда да қадір тұтады
ИИР-ның ігретасын қалаушы имам Хомейнидің қайтыс болуының жылдығын атап өту рәсімінде Ауғанстан Парламентінің депутаттары имам Хомейнидің әрдайым залымдар мен озбыр Израиль режимімен қарсыласу мен табандылықтың негізі болғанын баса айтты.
Ауғанстан Парламентінің депутаты Моулави Абдурахман Рахмани имам Хомейниді барлық залымдар мен күпірлерге қарсы табандылық танытқан көрнекті тұлға, мұджахед және революцияшыл жетекші болған деп атады. Ол имам Хомейнидің қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын Дүниежүзілік Құдс күні деп атағанына тоқталып: "Мұндай күні мұсылмандар мен мұсылман елдері Палестинаны азат ету үшін жасап жатқан талпыныстарын екі есе арттыруы керек",- деді.
Бүгін, дүйсенбі – ИИР-ның негізін қалаушы хазірет аятолла Хомейнидің қайтыс болғанына 29 жыл болды. Осыған орай жыл сайын хазіреттің қасиетті кесенесінде Иранның түкпір-түкпірі мен әлемнің түрлі мемлекеттерінен келген меймандардың қатысуымен арнайы рәсімдер өткізіледі. Мұндай рәсімдерге Ауғанстан мен Пәкістан азаматтары да ауқымды түрде қатысады.
Пәкістандағы, атап айтқанда Пишавар қаласындағы діни партиялардың басшылары мен үлемдері имам Хомейнидің қайтыс болуының жылдығына арналған рәсімдерге қатысып, ИИР-ның негізін қалаушының ой-пікірлері мен тұлғалық ерекшеліктерін мадақтады. Иран ислам революциясының бұрынғы жетекшісі имам Хомейнидің үстемшілдік пен отаршылдыққа қарсы ту көтеру арқылы аймақ халқын, әсіресе Пәкістан мен Ауғанстан халқын өз дұшпандарын жеңуге бұрынғыдан бетер үміттендіргені шүбәсіз.
Кеңес одағы Қызыл әскерінің жеңіліске ұшырауы мен олардың Ауғанстан жерінен шығарылуы және Пәкістанның АҚШ-тың елінің ішкі істеріне араласушылық әрекеттеріне қарсылығы бұрынғыдан бетер көрініс тауып жатқан Пәкістан халқының бөгделермен күресу рухының күшеюі имам Хомейни туын биікке көтерген аймақ халықтарының отаршылдыққа қарсы күресінен туындады.
Пәкістандағы шиіттердің жетекшісі ғұлама Сейіт Саджед Нақави: "Бүгінде егер Пәкістанда лаңкестік және әсірешіл топтардың болуына қарамастан мұсылмандардың бірлігіне куә болып отырсақ, оның бәрі имам Хомейнидің ойларына қарыздар",- деп баса айтты.
Ирандағы ислам революциясының жетекшісі имам Хомейни ислам әлемі жікшілдікпен бетпе-бет келіп, Ислам дұшпандары осы мүмкіндікті пайдаланып, Ислам әлемінде бұрынғыдан бетер жікшілдік тудыру арқылы мұсылман елдерін бөлшектеуге талпыныс жасаған кезеңде көтеріліске шыққан болатын. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Палестина саналады. Имам Хомейни Дүниежүзілік Құдс күнін жариялау арқылы әлемде сионизмге қарсы әрекеттер мен қозғалыстарға бастама беріп, сионистік режимді үрейлендіретіндей Исламға жаңа дем берді.
Пәкістанның сүниттік көрнекті тұлғаларының бірі Асеф Лұқман Қази Құдс мәселесін өзекті мәселе ретінде сақтауды имам Хомейнидің ең көрнекті ойлары мен ислам әлеміне жасаған үлкен қызметтерінің бірі деп атады.
Әртүрлі мемлекеттердің мыңдаған азаматының ИИР-ның негізін қалаушының қайтыс болуының жылдығына арналған рәсімдерге қатысуы ислам әлеміндегі мұқтаж адамдар мен жалынды жастардың ислам дұшпандарының қастандық әрекеттерімен күрес жолындағы шырағы саналатын ислам әлемінің ұлы жетекшісінің ойларының әлі де әртүрлі ұрпақтарға әсер мен ықпалға ие екенін көрсетеді.
Ауғанстандағы саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Иса Хосейни Мазари: "Хазірет аятолла Хомейни исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с) мен пәк имамдардың (ғ.с) жолын ұстанған Ислам әлеміндегі аса көрнекті тұлғалардың бірі болды. Ислам революциясының негізін қалаушы іс-әрекет пен амалдың адамы болды. Оның жоспарларының табысқа жетуі де дәл осы мәселе мен исламның ұлық пайғамбары және пәк имамдардың жолын қууына байланысты болды",- деп баса айтты.