Иран АҚХА-не UF4 және UF6 газдарын шығаруды бастайтыны туралы хат жолдады
Иранның Атом Қуаты ұйымының басшысы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне (АҚХА) жолдаған хатында Иранның UF4 және UF6 газдарын шығару үшін қажет мүмкіндіктерін арттыратыны мен центрифугалар шығаратын ротор зауытын салуды бастайтынын хабарлағанын мәлімдеді.
UF6 газы – центрифугаларда қолданылатын құрам. Бехруз Камалванди ислам революциясы жетекшісінің кеше, дүйсенбі күнгі имам Хомейнидің қасиетті кесенесінде сөйлеген сөзіне тоқталып: «Ислам революциясы жетекшісінің Иранның Атом қуаты ұйымын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының негіздері бойынша уран байытуды 190 000 ЕРР көлеміне жеткізу үшін қажет жұмыстарды жылдамдатуға міндеттеуіне байланысты осы үдерістің жылдам әрі қысқа уақытта орындалуына қажет жұмыстарды іске асыру керек»,- деді.
Камалванди «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының негіздері бойынша уран байытуды 190 000 ЕРР көлеміне жеткізудің центрифуга мен ротор шығару мүмкіндігін арттыруға қажет екендігіне сілтеме жасап: «Мүмкіндікті арттыру деген – зауыт салып, инфрақұрылымдар мен басқа да қажет жағдайды жасау. Егер басқалар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққысы келсе, Иран центрифугалар шығару үдерісін жылдамдату үшін қажет күшке ие»,- деді.