Аятолла Жәннати: Израиль режимінің өмірі аяқталды
Иранның Эксперттер кеңесінің хатшысы Дүниежүзілік Құдс күніне тоқталып: "Израиль режимінің өмірі аяқталды. Жуырда Палестинада бұл режимнің жойылғанын тойлайтын боламыз. Сөйтіп, мұсылмандардың бірінші құбыласын олардың зұлымдығынан тазартамыз",-деп қуаттады.
ISNA ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Эксперттер кеңесінің хатшысы аятолла Жәннати Дүниежүзілік Құдс күнгі шеруге қатысудың барша мұсылмандардың міндеті екенін айтып: "Мұсылмандар мен азаттық сүюшілердің Дүниежүзілік Құдс күнгі шеруге қатысуы Палестинаның шапа шеккен халқын қуантады",-деді.
Аятолла Жәннати Палестинаның ислам әлемінің бір мүшесі және мұсылмандардың бірінші құбыласы екенін айтып: "Құдс мәселесі – ислам мен адамгершіліктің мәселесі. Жапа шеккендерді қорғау мен оларға қолдау көрсету – адамның болмысына тән нәрсе",-деді.
Дүниежүзілік Құдс күнінің шеруі биыл 8 маусымда, сәйкесінше х.қ.ж.с.б. 1439 жылдың Рамазан айының 23 күні Иранмен бірге әлемнің басқа елдерінде өтеді.