Иран үкіметі халыққа Дүниежүзілік Құдс күнгі шеруге жаппай қатысқаны үшін алғыс айтты
ИИР Үкіметі Иран халқына Дүниежүзілік Құдс күнгі шеруге жаппай қатысқаны үшін алғыс айтты.
Иран президенті аппаратының ақпарат тарату торабының хабарлауынша, отырыс өткізу төрағалығын өз мойнына алған ИИР вице-президенті Исхақ Джахангири жексенбі күні өткен Иран Үкіметінің отырысында Иран халқына Дүниежүзілік Құдс күнгі шеруге жаппай қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Иранның шарапатты әрі революцияшыл халқының соңғы онжылдықтар ішінде ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің осы күнді ұлықтауға қатысты игі дәстүрін жыл сайын барынша салтанатты түрде ұйымдастырып, өткізуін Палестина армандарын сақтап қалудағы маңызды қадам деп атады.
Джахангири, сондай-ақ, "Ортақ қадам" бағдарламасы шеңберіндегі ядролық белсенділіктерді дамытуға негізделген революция жетекшісі мен Иран президентінің бұйрығы шыққаннан кейін Иранның Атом қуаты ұйымының дайындығы және іс жүзіндегі әрекеттерді бастауына тоқталып, мұны саналы әрі бағалы шара деп бағалап, Иран президенті мен министрлер кабинетінің әрдайым ұлттық мүдделерге басты артықшылық беріп, келісім бұзушылықтардың алдында өз елінің ғиззаты мен қуатын қорғауға дайын екендігін баса айтты.