Иран мен Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрлері Қарабақ дағдарысы туралы кеңесті
Иран мен Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрлері Иранның солтүстігінде орналасқан Рамсар қаласында кездесіп, екі жақты байланыс және аймақ қиыншылықтары мен дағдарыстары, әсіресе Қарабақ дағдарысы туралы сөйлесті.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Иран, Әзірбайжан республикасы және Түркияның төртінші үш жақты саммитіне қатысу үшін Рамсарға сапармен келген Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяровпен кездесуінде: «Аймақтың қиыншылықтары мен дағдарыстарына байланысты аймақта келесі бір қиыншылық пен дағдарыс тумауы үшін барлық талпыныстар іске жұмылдырылуы керек» деді.
Иран мен Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрлері сондай- ақ осы кездесуде қос жақты байланыстағы соңғы өзгерістерге шолу жасап, екі ел қайраткерлерінің екіжақты сапарлары мен кездесулері жөнінде және барлық салада, әсіресе экономикалық түрлі негіздерде ынтымақтастықтарды кеңейту үшін қажетті шаралар туралы кеңесіп, ой бөлісті.
Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрі осы кездесуде елінің Рашт- Ғазвин- Астара темір жолына қаржы салуға әзір екендігін мәлімдеді.