Иранның Қауіпсіздік министрлігі лаңкестік арнаның 27 мүшесін құрықтады
(last modified Tue, 12 Jun 2018 08:37:18 GMT )
Маусым 12, 2018 14:37 Asia/Almaty
  • Иранның Қауіпсіздік министрлігі лаңкестік арнаның 27 мүшесін құрықтады

Иранның Қауіпсіздік министрлігі қасиетті Рамазан айында, әсіресе Қадір түндері мен Құдс күні қылмыс жасауды көздеген бір лаңкестік арнаның 27 мүшесін құрықтады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Қауіпсіздік министрлігі дүйсенбі күні: "Бұл адамдар исламдық Иранның қауіпсіздігін бұзып, Теһран мен басқа бірнеше маңызды қалада лаңкестік әрекетті іске асырмақ болған. Олар әлеуметтік желілерде суреттерін жариялап, Иранның абыройлы халқын кек алу және қырып-жоюмен қорқытқан болатын. Бірақ қауіпсіздік күштерінің қырағылығы және сот басшылары, әскери және полиция күштерінің ынтымақтастығымен лаңкестер құрықталды",- деп хабарлады.

Иранның Қауіпсіздік министрлігінің мәліметіне сәйкес, лаңкестерден көптеген қару-жарақ, атап айтқанда Калашников автоматы, кольт, әскери гранаталар, бомба мен жарғыш заттар табылып, тәркіленді.

Иранның Қауіпсіздік министрінің айтуынша, елдің қауіпсіздік күштерінің талпынысымен 2017-ші жылы Иранда 300 лаңкестік топ залалсыздандырылды.