Камалванди: "Форду" нысанының жұмысын бастауға қатысты шешім қабылданады
Иранның Атом Қуаты ұйымының ақпарат хатшысы Иран басшылары мен «Ортақ қадам» келісімін бақылаушы ирандық топтың "Форду" нысанының жұмыстарын «Ортақ қадам» келісімінен тыс қайта бастау туралы шешім қабылдайтынын айтты.
Беһруз Камалванди сәрссенбі күні ИСНА-ға берген сұхбатта "Форду" нысанының жұмысын бастау, яғни «Ортақ қадам» келісімі бұзылғаннан кейін уран байыту ісін қайтадан бастау мен ядролық келісімнен бұрынғы жағдайға оралу тәсілі туралы берген сұхбатта: «Қазіргі таңда ол жерде уран байытылмайды. «Ортақ қадам» келісімінен шыққаннан кейін ИИР басшыларының шешімімен «Форду» нысанында уран байыту жұмыстары қайта басталады» деді.
Иранның Атом Қуаты ұйымының ақпарат хатшысы Иран мен Қытайдың Арак реакторын салу туралы келіссөздеріне де тоқталып: «Қуанышқа орай, келіссөздер осы уақытқа дейін жақсы ілгеріледі. Қытай нақты мақұлдағаннан кейін алдағы 2-3 ай ішінде келесі кезеңге, яғни Арак реакторын салу кезеңіне енеді» деді.
Камалванди сонымен қатар Батыстың Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасы мен сионистік режимнің әскери бағдарламасына қатысты екұшты қатынасы туралы да айтып: «Батыстықтар осы уақытқа дейін сионистік режимге көмектесіп келеді. Өкінішке орай, осы режимнің әскери мақсаттарда жасалып жатқан ядролық жұмыстарына ешқандай бақылау жүргізбейді» деді.