Иран 2017 жылы құны 50 млрд долларды құрайтын шикі мұнай экспорттады
(last modified Mon, 25 Jun 2018 18:18:43 GMT )
Маусым 26, 2018 00:18 Asia/Almaty
  • Иран 2017 жылы құны 50 млрд долларды құрайтын шикі мұнай экспорттады

Иран Мұнай министрінің инженерия, зерттеулер және технология жөніндегі орынбасары Хабибулла Битараф Иранның 2017 жылы экспорттаған мұнайының жалпы валюталық табысын шамамен 95 млрд доллар, оның 50 млрд долларының шикі мұнайға, 20 млрд долларының мұнай-химия өнімдеріне тиесілі болғанын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хабибулла Битараф дүйсенбі күні Теһранда "Жағалауда және жағалаудан тыс бөлімде мұнай-газ өнеркәсібінің материалдық активтерінің біртұтастығын басқару" атты бірінші халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде өткен жылы Иранның экспорт себетіндегі мұнай мен мұнай өнімдері үлесінің 70 пайыз болғанын айтты.

Иран 2017 жылы күніне шамамен 2 млн 130 мың баррель мұнай экспорттады. Бұл көлемнің 62 пайызы Азия елдеріне, 38 пайызы Еуропаға жөнелтілді.

Қытай мен Үндістан Иранның Азиядағы ең ірі сатып алушылары болса, Түркия мен Италия Иранның Еуропадағы сатып алушылары саналады.