"Қытай-Қазақстан-Иран" халықаралық тасымал дәлізі іске қосылды
https://itolqyn.com/news/iran-i38054-Қытай_Қазақстан_Иран_халықаралық_тасымал_дәлізі_іске_қосылды
Сейсенбі күні Анзали еркін аймағындағы Каспиан айлағында ИИР Вице-Президенті Исхақ Джахангиридің қатысуымен "Қытай-Қазақстан-Иран" халықаралық тасымал дәлізі іске қосылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 26, 2018 23:45 Asia/Almaty

Сейсенбі күні Анзали еркін аймағындағы Каспиан айлағында ИИР Вице-Президенті Исхақ Джахангиридің қатысуымен "Қытай-Қазақстан-Иран" халықаралық тасымал дәлізі іске қосылды.

Анзали еркін аймағының директоры Реза Масрур халықаралық дәліздің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: ""Қытай-Қазақстан-Иран" халықаралық тасымал дәлізін іске қосқаннан кейін Каспий теңізі маңындағы елдер  арасында сауда айналымы көлемінің артуымен қоса, тасымал мерзімі мен айналым шығындарын азайтуға да мүмкіндік туады",-деді.

Масрур айлаққа тоқтаған кеменің көлік бөлшектері тиелген 40 контейнерді тасымалдайтынын, жүктің темір және теңіз жолдарынан тұратын құрамдастырылған бағытты өткеннен кейін Каспиан айлағында түсірілетінін айтты.