Зариф: ИИР Африка елдерімен өте жақсы қатынас орнатқан
Иран СІМ Иранның Африка елдерімен жақсы қатынас орнатқанына ризалық білдіріп, ИИР революцияның басынан бастап көбінесе Африка елдеріне барынша көңіл бөліп келгенін айтты.
Африка күніне арналған рәсім кеше сейсенбі күні Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф, Теһрандағы Африка мемлекеттерінің елшілері мен дипломаттарының қатысуымен Иран СІМ-нің Саяси және халықаралық зерттеулер кеңсесінде өткізілді.
Мұхаммад Джавад Зариф бүгінде Африканың азат әрі тәуелсіз екенін баяндап: "Африкалықтар бір жағынан отаршылдық саясаттар мен отаршылдық салдарынан пайда болған артта қалушылықты түзетуді көздесе, басқа жағынан белгілі бір дережеде отаршылдық кезеңдері салдарынан туындаған азамат соғыстары мен келіспеушіліктерді өзара ынтымақтастық пен келісу арқылы шешуге талпыныс жасап жатыр.
Даму мен отаршылдықпен күреске қатысты ортақ мүдделер мен көзқарастарға негізделген Иран мен Африка қарым-қатынастары Иран мен Африка халықтарының пайдасы үшін жалғасып, күннен-күнге нығайып келеді",- деді.