Лариджани: Иран ядролық келіссөздерге айқын принциптеріне иек артып қатысты
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "ИИР "алтылық" тобымен ядролық келіссөздерге өзінің айқын принциптері мен бағдарына иек артып қатысты. Соның нәтижесінде бұл ядролық келісім БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің растауымен бекітілді",- деді.
Әли Лариджани Иранның ядролық келіссөздерде көздеген мақсаттарына тоқталып: "Бұл мақсаттар Қауіпсіздік кеңесінің жетінші бабынан шығу, PMD іс-құжатының жабылуы, ядролық санкциялардың күшінің жойылуы, Иранның "алтылық" тобымен келіссөздерде келісімге келіп, "Ортақ қадам" келісіміне қол жеткізуі болды. Алайда, АҚШ одан біржақты түрде шықты.
АҚШ "Ортақ қадам" келісімінен шыққан соң Иранда саяси және қауіпсіздік салаларында тәртіпсіздік пен қиындық тудыру үшін шара қолданып, соған жету үшін арнайы экономикалық саясат бекітті",- деді.
Лариджани бұл мәселеге қатысты Иранның аймақтағы құзыры жайлы: "Иранның Ирак пен Сирияға лаңкестермен күресу үшін кеңес беру түрінде көрсеткен көмегі Иран халқының қауіпсіздігі мен оның ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жасалды",- деді.