Иранның мұнай өндірісінің мөлшері мен экспорты өзгерген жоқ
(last modified Sat, 07 Jul 2018 16:05:55 GMT )
Шіл 07, 2018 22:05 Asia/Almaty
  • Иранның мұнай өндірісінің мөлшері мен экспорты өзгерген жоқ

Иранның Мұнай министрі Зангане осы уақытқа дейін өз елінің мұнай өндірісінің мөлшері мен экспортының өзгермегенін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бижан Намдар Зангане АҚШ-тың ИИР-на қарсы мұнай саласындағы саясаттарына қарсы тұру туралы: "Иран АҚШ-тың әрекеттеріне қарсы бағдарламалары мен саясаттарын ілгерілетті. Келешекте де бұл үдерісті жалғастырады",- деді.

Иранның Мұнай министрі сондай-ақ, АҚШ Президенті Дональд Трамптың ОПЕК-тің кейбір мүшелеріне мұнай шығару мөлшерін арттыруға қысым көрсететінін жазған «твиттері» туралы: "ОПЕК-тің принципі – мұнай нарығын саясаттандырмау. Сондықтан мұнай өндірісінің  мөлшері мен оның бағасын анықтауға саяси факторларды араластырмау керек. Бірақ кейбір саяси әрекеттер мен тұрақсыздық мұнай нарығы мен оның бағасының артуына қатысты алаңдаушылық тудырады",- деді.