Иранның шетел валютасындағы активтерінің Германияда бұғатталғаны теріске шығарылды
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ИИР-ның Германиядағы шетел валютасындағы активтерінің бір бөлігінің бұғатталғаны туралы ақпаратты теріске шығарды.
Бахрам Ғасеми сенбі күні Иран мен Германия қатынастарының өзінің қалыпты бағытымен әрекет етіп жатқанын баяндап: "АҚШ "Ортақ қадамнан" заңсыз түрде шыққаннан кейін Германия делегациясы жұма күні Венада "Ортақ қадамның" басқа мүшелерімен, соның Иранмен бірге екі ел арасындағы экономикалық және банк саласындағы әріптестіктерді арттыру мақсатында тиісті механизмдерді табу мәселесін қарастырды.
Өкінішке орай, соңғы күндер мен апталарда және Иран мен "4+1" (бестік) тобы арасындағы келіссөздермен бір мезгілде кейбір аймақтан тыс мемлекеттер мен Иранмен қарсыласушы топтар тарапынан Иран мен Еуропа елдері қатынастарында қайшылық тудыру мақсатында жалған хабарлар таратылып, психологиялық соғыс көрініс тауып жатыр. Сондықтан асқан қырағылықпен теріс кеңістік тудыру әрекеттерімен күресу қажет",- деп баса айтты.
Кейбір ақпарат құралдары Иранның Германиядағы шетел валютасындағы активтерінің бұғатталғаны туралы хабар таратқан болатын.