Америкалықтардың Сақшылар корпусы теңіз күштерінің күшіне көздері жетті
(last modified Mon, 16 Jul 2018 13:42:10 GMT )
Шіл 16, 2018 19:42 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың Сақшылар корпусы теңіз күштерінің күшіне көздері жетті

Ислам революциясы Сақшылар корпусының ақпарат өкілі Сардар Шариф Сақшылар корпусы теңіз күштерінің Парсы шығанағындағы тору әрекеттерінің өзгермегенін айтып: "Иран мен АҚШ-тың Парсы шығанағында азырақ қақтығысуының себебі америкалықтардың Иранның күшін мойындауында",- деді.

Mehr News ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауынша, бригада генералы сардар Рамазан Шариф: "Парсы шығанағы аймағындағы бөгде кемелерді тору, тексеру және бақылау амалдары Сақшылар корпусы теңіз күштерінің күн тәртібінде болған соңғы жылдардың ішінде Иран кемелерінің Хормоз бұғазы мен Парсы шығанағы арқылы өтетін кемелермен қайта-қайта беттескен жағдайлар орын алды. Сақшылар корпусының теңіз күштері  америкалық кемелермен де бетпе-бет келген болатын. Осындай соңғы жағдай кезінде америкалық теңіз десанттары құрықталып, ақырында олардың кешірім сұрауымен босатылды. Содан кейін Иран америкалықтардың Парсы шығанағы мен Хормоз бұғазы аймағындағы салыстырмалы түрдегі заңды әрекетіне куә болды",- деді.