Велаятидің Ресей Президентімен жүргізген келіссөздерінің мәтіні жарияланған жоқ
(last modified Mon, 16 Jul 2018 19:07:42 GMT )
Шіл 17, 2018 01:07 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісінің Ресей Президентімен жүргізген келіссөздері мәтінінің жарияланбағанын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында жергілікті және шетелдік журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаятидің Ресей Президенті Владимир Путинмен өткен сәрсенбі күнгі кездесуі және оның Ресей мен АҚШ Президенттерінің  Хельсинкидегі бүгінгі кездесулеріне қатысты болуы  туралы: "Бүгінгі кездесудің Иранға ешбір қатысы жоқ. Теһранның АҚШ Президенті Дональд Трампқа жіберетін ешқандай жолдауы жоқ",- деді.

Қасеми Иран Телерадио бірлестігінің Шетелдік торабы тілшісінің Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Сейед Аббас Арақчидің бүгінгі Үндістан сапары және бұл елдің басшыларымен АҚШ санкцияларынан кейінгі Иранның мұнайының  бұл елге экспортталу ықтималы туралы  сұраққа: "Арақчидің Үндістан сапары жыл бойында әртүрлі мемлекеттермен өтетін кезеңдік саяси кездесулер бойынша іске асырылуда. Бұл сапарда екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасулар өтеді",- деп жауап берді.

Ғасеми Еуропаның ұсыныстарынан кейінгі Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалу немесе одан шығу шешімі туралы: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Еуропада, тіпті Қытай мен Ресейде халықаралық келісімді сақтап қалу туралы ұстанымдар айтылуда. Сол себепті Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының артықшылықтарын пайдалана алатындай жұмыстар жасалу көзделуде",- деді.