Джахангири: АҚШ-тың мұнайды экспорттауға кедергі жасау талпынысы – бос қиял
(last modified Tue, 17 Jul 2018 17:07:46 GMT )
Шіл 17, 2018 23:07 Asia/Almaty

ИИР-ның вице-президенті АҚШ-тың мұнай экспорттаудың алдын алуға бағытталған талпынысын бос қиял деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Исхақ Джахангири дүйсенбі күні кешке Ирандағы шетелдік өкілдер мен экономикалық белсенділердің форумында АҚШ-тың Иран мұнайын экспорттауының алдын алу талпынысының ешқандай нәтиже бермейтінін қуаттап: "Әлем Иранның мұнайын қажет етеді. Сондықтан мұнайды сатудың жолдары мен тәсілдерін табуымыз керек.

Халықаралық ұйымдардың, әсіресе АҚХА-ның есептеріне сәйкес, Иран "Ортақ қадам" негізіндегі барлық міндеттемелерін жүзеге асырды. Иранның өз міндеттемелерін жүзеге асырғаннан кейін АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығып, Ислам республикасына қарсы санкция жариялауы үлкен қауіп-қатердің дабылы болуы мүмкін",- деді.