Лариджани: Дұшпан Иранмен қоқан-лоққы мен соғыс арқылы сөйлесе алмайды
https://itolqyn.com/news/iran-i38363
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "ИИР-ның зымырандық саладағы жетістіктерінің айтарлықтай деңгейге жеткені соншалықты, дұшпан Иранмен қоқан-лоққы және соғыс тілі арқылы сөйлесе алмайды",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 23, 2018 13:34 Asia/Almaty
  • Лариджани: Дұшпан Иранмен қоқан-лоққы мен соғыс арқылы сөйлесе алмайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "ИИР-ның зымырандық саладағы жетістіктерінің айтарлықтай деңгейге жеткені соншалықты, дұшпан Иранмен қоқан-лоққы және соғыс тілі арқылы сөйлесе алмайды",- деді.

Әли Лариджани жексенбі күні Теһранда ИИР-ның шетелдегі өкілдіктері басшыларымен кездесуінде: "Дұшпан Иранмен қоқан-лоққы және соғыс тілі арқылы сөйлесудің пайдасы жоқ екенін біледі. Сол себепті зымырандар жайлы келіссөз өткізбей, оның орнына Иран зымырандарының ұшу қашықтығы туралы сұхбаттасуды қалап отыр",- деп мәлімдеді.

Лариджани аймақтық мәселелер мен Иранның Ирак пен Сириядағы лаңкестермен күресуге қатысты берік шешіміне тоқталып: "Иранның Сирия мен Ирактағы лаңкестерге берген соққысы Иранда тыныштықтың сақталып, қауіпсіздіктің тұрақтануына себеп болды",- деді.

Сонымен қатар, Лариджани сионистік режим парламентінің "Яхуд елі" атты заң жобасына қатысты жуырдағы әрекетін аймақта отпен ойнау деп атап: "Сионистік режим кейбір аймақ елдеріндегі тынышсыздықтарды пайдаланып, лаңкестік топтарға көптеп көмек көрсеткен, әлі көрсетуде",- деді.