Сақшылар корпусы басшысының орынбасары АҚШ басшыларының қоқан-лоққыларына ескерту жасады
Шіл 28, 2018 22:26 Asia/Almaty
Ислам революциясының Сақшылар корпусы басшысының саяси істер жөніндегі орынбасары АҚШ басшыларының Иранға қарсы қоқан-лоққыларына реакциясында: "Егер біреу Иранның мүддесіне қатер төндіргісі келсе, Ислам республикасы да олардың мүддесіне қауіп төндіреді",-деп ескертті.
Бригада генералы Ядолла Джавани сенбі күні "Тасним" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иранның геосаяси жағдайын назарға ала отырып, аймақтағы су өткелдерінің қауіпсіздігін Ислам республикасынсыз орнатуға болмайтынын айтып, бір ел егер Иранға елдің мұнай экспортының жолын жабу туралы қоқан-лоққы жасаса, Иранның жауабының жойқын болатынын баса айтты.
Тегтер