Зариф: АҚШ Иран суларының айналасында адасып жүрген секілді
https://itolqyn.com/news/iran-i38514-Зариф_АҚШ_Иран_суларының_айналасында_адасып_жүрген_секілді
ИИР СІМ жұма күні таңертең америкалықтардың Парсы шығанағындағы құзырын сынға алып: "АҚШ-тың теңіз күштері Иран суларының айналасында адасып, өз жолын таба алмай жүрген секілді",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 03, 2018 21:51 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ Иран суларының айналасында адасып жүрген секілді

ИИР СІМ жұма күні таңертең америкалықтардың Парсы шығанағындағы құзырын сынға алып: "АҚШ-тың теңіз күштері Иран суларының айналасында адасып, өз жолын таба алмай жүрген секілді",-деді.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында АҚШ сулары мен Парсы шығанағы арасындағы 7592 миль қашықтықты көрсететін суретті жариялады.

Иран СІМ-нің Twitter-дегі реакциясы Иранның Парсы шығанағындағы белсенділігі туралы қисынсыз сөздер мен америкалық басшылардың Парсы шығанағы үшін жалған атауды қолдануының жалғасында жарияланды.