Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 04 Aug 2018 09:40:23 GMT )
Там 04, 2018 15:40 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Америкалықтар келіссөз жүргізетін халық емес. Егер бір күні келіссөз өткізу керек болған күннің өзінде АҚШ үкіметі және президентімен келіссөз жүргізу мүмкін емес",- деді.

Ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Казем Седдиқи осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында АҚШ президентінің ешбір алғышартсыз Иранмен келссөз өткізу жөніндегі ұсынысы жайлы: "АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шығуы АҚШ-тың қазіргі үкіметімен кез келген келіссөз өткізетін жолды жапты",- деді.

Теһран жұма намазының имамы сондай-ақ, тамыздың бесі – "Исламдағы адам құқықтары күніне" сілтеме жасап: "Ислам – ақиқатқа негізделген дін. Мұсылмандардың құқықтары хақ саналады. Кейбір мемлекеттер тек адам құқықтарын қорғау туралы уәж айтып, іс жүзінде химиялық бомбалау және бейкүнә халықты жаппай қыру арқылы абыройларын төгіп, масқарашылыққа ұшырап жатыр",- деді.