Америкалықтар ешқашан өз міндеттемелерін орындамайды
(last modified Thu, 09 Aug 2018 08:53:17 GMT )
Там 09, 2018 14:53 Asia/Almaty
  • Америкалықтар ешқашан өз міндеттемелерін орындамайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани: "Америкалықтар келіссөздер кезінде өте жақсы сөйлеп, жарқын болашақ жайлы айтады, бірақ іске келгенде өз міндеттемелерінің ешбіреуін орындамайды",-деді.

Ислам Кеңесі Мәжілісі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани сәрсенбі күні Теһранда Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Ри Йонг Хомен кездесіп, америкалықтардың келісімдердегі өз міндеттемелеріне берік еместігін айтып: "ИИР бұрын да АҚШ-пен келіссөз өткізген. Бұған қатысты америкалықтардың міндеттемелері айқын, алайда олар ешқашан міндеттемелеріне берік болған емес",-деді.

Ри Йонг Хо да өз елінің АҚШ-пен жуырдағы келіссөздеріне тоқталып: "Солтүстік Корея АҚШ-пен келіссөздергі өз міндеттемелерін орындау үшін ядролық қарусыздануды  бастағанымен өзінің ядролық ғылымын сақтап қалады, өйткені америкалықтардың  жауластықты қоймайтынын біледі",-деді.