Рухани: Иран АҚШ-қа сенбейді
(last modified Tue, 21 Aug 2018 16:03:07 GMT )
Там 21, 2018 22:03 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран АҚШ-қа сенбейді

ИИР президенті: "Иран АҚШ-қа сенбейді. Еуропа, ҚХР мен Канада да енді АҚШ-қа сенім артпайды",- деді.

ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Ирандағы Қорғаныс өнеркәсібі күнінің жылдығына орай өткен рәсімде: "АҚШ Конгресінің өкілдері Иранмен соғыспау туралы заң жобасын бекітті. Себебі, олар Иранның қуатты екенін және Иранға шабуыл жасаудың көп шығын келтіретінін біледі",- деді.

Рухани қарулы күштердің дайындығы дұшпанның шабуыл жасауға батылы бармайтындай деңгейде болуы қажеттігін баса айтып: "ИИР-ның барлық талпыныстары мен шығындары соғыс таңу және көп шығын келтіретін басқыншылықтардың алдын алу мақсатында қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған. Иран халқы әрдайым бейбіт өмір сүріп, басқа елдермен өзара әрекеттестік жасауды көздеп келді. Қорғаныстық тұрғыдан дайын болу тұрақты бейбітшілікті талап ету дегенді білдіреді.

Жеткілікті деңгейдегі қорғаныстық дайындық пен күш-қуаттың болмауы соғысты қарсы алып, дұшпанның басқыншылық жасауы үшін жасыл түсті белгі берумен тең",- деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Жоғары қауіпсіздік кеңесінің басшысы аймақта соңғы жылдары лаңкестіктің кең етек жаюына тоқталып, ИИР-ның өз еркімен аймақ халықтарына көмектесуге асығып, аймақтағы лаңкестердің көзін жоюда елеулі рөл атқарғанын мәлімдеді.

Иранның Атқарушы билігінің басшысы Иранмен көршілес кейбір елдердің сырттай өздерінің қауіпсіздігін сақтап қалуға талпыныс жасап жатқанын баяндап: "Олар қару-жарақты мүмкіндігінше ең қымбат бағамен сатып алып жатыр. Алайда, қару-жарақты пайдаланудың орнына оны сатушылардың жетегінде жүруге мәжбүр болып отыр",-деді.

Бүгін тамыздың жиырма екісі – Иранда Қорғаныс өнеркәсібі күні.