"Коусар" ультрадыбыстық қырғи ұшағының ұшырылуымен Иранның жергілікті білімі мен айбыны паш етілді
(last modified Wed, 22 Aug 2018 12:32:58 GMT )
Там 22, 2018 18:32 Asia/Almaty

ИИР Президенті: "Иранның қорғаныстық дайындығы соғысқұмарлыққа емес, бейбітшілікті талап ету мағынасына арқа сүйеген. Тарих бізге қуатты ел болмасақ, дұшпандардың жермен-жексен ететінін үйретті",-деді.

Хасан Рухани, сейсенбі күні "Коусар" деп аталатын жүз пайыз жергілікті ультрадыбыстық қырғи ұшақтың тұсаукесер рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Егер елдің қорғаныс қуаты тежегіш сипатта болмаса, мұның өзі басқа елдердің ашкөздене қарауына себеп болады",-деді.

ИИР өзінің айбынын басқа елдермен байланыстырмағандықтан бүгінде Ислам революциясының қырқыншы жылында әртүрлі салаларда өркендеу кезеңін бастан өткеріп, бұрынғыдан көбірек үйреніп жатыр. Қорғаныс қуаты немесе қорғаныс өнеркәсібі – тежегіш қуаттың негізі. Бұл мәселе қазір Иранның қорғаныс саясатының басты бағдары болып отыр. Әрбір ел өзінің қорғаныс қуатына жұмсайтын қаражатын қаншалықты азайтса, яғни өз-өзін қорғауда басқаға арқа сүйемесе, соншалықты кез келген қоқан-лоққыға төтеп бере алады. Бір ел өзінің қорғаныс және тежегіш қуатын ішкі әлеуеттер негізінде сипаттаған кезде ғана дұшпандар кез келген істі атқарар алдында алдымен өзі көздеген елдің қорғаныс қуатын есептеп, сараптауға кіріседі.

Иранның қорғаныс және тежегіш қуаты ішкі әлеуеттерге негізделгендіктен дұшпандарды жеңілтек ойлау мүмкіндігінен айырды. Осындай жағдайда Иранның күш-қуаты әрдайым Иранға соғыс туралы қоқан-лоққы жасайтын америкалықтарға Иранға шабуыл жасағысы келсе, ауыр шығын шығаруы қажеттігін түсіндірді. Осы аяда Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи америкалықтардың жуырдағы әрекеттерін қорытындылап: "Соғыс болмайды. Өйткені біз ешуақытта соғысты өзіміз бастамаймыз. Америкалықтар да соғысты бастамайды, өйткені жүз пайыз өздері үшін зиянмен аяқталатынын біледі. Өйткені, ИИР үкіметі мен халқы кез келген басқыншыға ауыр соққы беретінін дәлелдеді",-деді.  

Бұл күш-қуат шындыққа негізделген. Иран өзінің әскери құпияларын дұшпандардың ықтиярына беретіндей және авантюристік әрекет барысында олар оңайлықпен мақсаттарына жететіндей ислам үкіметінде ешқандай бағыныштылықтың белгісі жоқ. Сейсенбі күні "Коусар" деген атпен тұсауы кесіліп, ИИР Президентінің бұйрығымен ұшырылған қырғи ұшақ Иранның қорғаныс және тежегіш қуаты саласында тәуелсіз екенін көрсетті. "Коусар" ультрадыбыстық қырғи ұшағы  жүз пайыз жергілікті білімге негізделген. Ол Иранның тежегіш қуатын одан ары арттыра түседі. Шетелдік кеңесшілердің бұл жетістікке еш қатысы жоқ. Осы маңызды жайт Иранның қорғанысқа кетірген шығынын азайтты. Бүгінде Иранның қорғаныс саласындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі кері жобалау тәсілі өз орнын "Коусар" қырғи ұшағы сияқты өнімдерді жобалап, жасауға беріп отыр.