Амоли Лариджани: АҚШ-тың лаңкестерге қатысты екіжүзділігі әлемдіктер үшін әшкере болды
https://itolqyn.com/news/iran-i38812
Иранның Жоғары соты дүйсенбі күнгі сот басшыларының отырысында: "Әлемдік қоғамдық пікір билеп-төстеуші жүйенің лаңкестікке қарсы әрекеттері туралы сөздерін қабылдамайды. Өйткені, оларға қаржылай және саяси тұрғылардан да қолдау көрсетуде",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 28, 2018 16:50 Asia/Almaty
  • Амоли Лариджани: АҚШ-тың лаңкестерге қатысты екіжүзділігі әлемдіктер үшін әшкере болды

Иранның Жоғары соты дүйсенбі күнгі сот басшыларының отырысында: "Әлемдік қоғамдық пікір билеп-төстеуші жүйенің лаңкестікке қарсы әрекеттері туралы сөздерін қабылдамайды. Өйткені, оларға қаржылай және саяси тұрғылардан да қолдау көрсетуде",- деді.

Аятолла Садық Амоли Лариджани Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның «Мұнафеқин» лаңкестік тобымен жақын қарым-қатынасына  тоқталып: "АҚШ үкіметінің адамдары Ислам революциясына соққы беру үшін лаңкестермен келісім жасауда",- деді.

«Мұнафеқин» лаңкестік тобы АҚШ, Израиль, Ұлыбритания және Францияның қолдауымен әртүрлі лаңкестік әрекеттерде шамамен 17000 ирандықты өлтірді.