Моңғолия СІМ-нің орынбасары Теһранда Иран СІМ-мен кездесті
(last modified Tue, 04 Sep 2018 14:50:54 GMT )
Қыр 04, 2018 20:50 Asia/Almaty
  • Моңғолия СІМ-нің орынбасары Теһранда Иран СІМ-мен кездесті

Иран СІМ мен Моңғолия Сыртқы істер министрінің Саяси істер жөніндегі орынбасары екі елдің қызығушылық танытып отырған мәселелері жөнінде сұхбаттасты.

Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Моңғолия СІМ-нің саяси істер жөніндегі орынбасары Батмунх Батцецегпен Теһранда кездесуінде екі елдің өте жақсы қарым-қатынасқа ие екендігін баса айтып, екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді құптады.

Қос тарап кездесу барысында парламенттік өзара әрекеттестіктер, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтар, ортақ сауда отырысын өткізу, темір жол тасымалы бойынша транзиттік ынтымақтастықтар, туристермен алмасуды арттыру, мұнай және энергетика секілді мәселелер жөнінде сұхбаттасты.