Рашт қаласына Арменияның Арарат облысынан делегация келді
https://itolqyn.com/news/iran-i38922-Рашт_қаласына_Арменияның_Арарат_облысынан_делегация_келді
Арменияның Арарат облысынан келген сауда делегациясы мен Гилян облысының әкімі экономикалық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 06, 2018 20:41 Asia/Almaty
  • Рашт қаласына Арменияның Арарат облысынан делегация келді

Арменияның Арарат облысынан келген сауда делегациясы мен Гилян облысының әкімі экономикалық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады.

Гилян облысының әкімі Мұстафа Салари бейсенбі күні Рашт қаласында Арменияның Арарат облысынан келген делегациямен кездесуінде Гилян облысының потенциалды әлеуеттеріне тоқталып, облыстың туризм, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығы тұрғысынан көршілес елдермен сауда айналымын арттыру үшін қолайлы негіздерге ие екенін мәлімдеді.

Арменияның Арарат облысының әкімі Гарик Саркисян да Гилян мен өз облысы арасындағы сауда айналымын арттыруды құптап, Гилян облысының сауда саласында белсенділік жасау үшін көптеген әлеуеттерге ие екендігін айтты.