Рухани Пәкістан президентін сайлануымен құттықтады
ИИР президенті Пәкістан үкіметіне жолдаған хатында Ариф ар-Рахман Алвидің Пәкістан Ислам Республикасының президенті ретінде сайлануымен құттықтап: "Екі елдің жоғары шенді басшыларының ерік-жігерінің арқасында қос елдің жақын әрі терең ынтымақтастығы мен халықтары арасындағы байланысына куә боламыз",- деп баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани хатта Пәкістан Ислам Республикасын жаңа президентінің сайлануымен құттықтап, жаңа президенттік кезеңде ортақ және терең тарихи өткені бар екі ел арасындағы ынтымақтастықтардың жаңа деңгейіне қол жеткізілетіндігіне үміт білдірді.
Пәкістанның жеңіске жеткен «Техрике энсаф» партиясының өкілі Ареф ар-Рахман Алави 2018 жылы қыркүйектің төрті күні елдің Ұлттық және облыстық Мәжілістері мен Сенат депутаттарының дауыс беруімен Пәкістанның он үшінші президенті болып сайланды.