Ресей, Түркия мен Иран басшылары Теһранда ортақ баспасөз отырысын өткізді
(last modified Sat, 08 Sep 2018 09:44:59 GMT )
Қыр 08, 2018 15:44 Asia/Almaty

ИИР президенті Хасан Рухани жұма күні Иран, Ресей мен Түркияның үшжақты отырысы аяқталғаннан кейін тілшілердің алдында сөйлеген сөзінде Теһран отырысының өте тиімді әрі пайдалы болғанын айтып: "Иран АҚШ пен сионистік режимнің Сирия істеріне араласпауын қуаттайды. Ресей мен Түркия да осы мәселеге қатысты Сирияда шетелдік әскерилердің араласуының Сириядағы қиындықтарды арттырып, Сирия халқын көп қайғы-қасірет пен азапқа салатындығымен келісіп отыр",-деп баса айтты.

Владимир Путин Астана отырыстарының нәтижелері мен келісімдерінің Сочи, Анкара мен Теһрандағы үшжақты отырыстарға негіз болғанына тоқталып: "Сириядағы лаңкестіктің көзін жоюға бағытталған сарапшылар деңгейіндегі отырыстар мен одан кейінгі тиісті іс-шаралар Астана үдерісіндегі сириялық тараптар мен БҰҰ өкілдерінің қатысуымен жалғасып жатыр",- деді.

Режеп Тайып Ердоған да сегіз жыл бұрын Сирияда басталған қиындықтар мен текетірестердің бір күннің ішінде шешіліп, аяқталмайтындығына сілтеме жасап: "Сириядағы жағдайды жай ғана тамашалайтын кейбір мемлекеттерге қайшы Иран, Ресей мен Түркия соғыс отын сөндіру жолдарын іздестіріп жатыр",-деп мәлімдеді.