Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 22 Sep 2018 08:38:56 GMT )
Қыр 22, 2018 14:38 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Ашура оқиғасының өмір сүрудің іс жүзіндегі қисыны екендігіне тоқталып: "Имам Хосейн (ғ.с) Иран, Ирак, Сирия, Йемен мен Бахрейн халықтары үшін теңдессіз үлгіге айналып, әлемнің азаттық сүйгіш халықтарын батылдық пен ерлікке үйретті",- деп баса айтты.

Ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Мохаммад Хасан Абуторабифард осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында Трамп, Нетаньяху мен Бен Салманның Иран халқының қарсыласына қарсы жуырда жасаған әрекеттерінің пәлсапасына тоқталып: "Иран халқының 40 жылдық тәжірибесі АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың көз алдында. Иран халқы имам Хосейннің (ғ.с) қозғалысын жалғастыру жолында берік әрі нық қадам басып келеді",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері сионистік режим премьер-министрінің аймақтағы қарсыласу өзегіне қатысты алаңдаушылықтарына сілтеме жасап: "Израиль өзінің құлдырап, жойылатын кезеңінің келіп жеткенін біледі",- деді.