Салехи: Иран өзінің ядролық құқығын айбынмен қорғайды
(last modified Thu, 07 Apr 2016 15:54:38 GMT )
Сәу 07, 2016 21:54 Asia/Almaty
  • Салехи: Иран өзінің ядролық құқығын айбынмен қорғайды

Иран президентінің орынбасары әрі Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Иранның өзі мен дамушы елдердің ядролық құқығын айбынмен қорғай алатынын мәлімдеді.

Иран президентінің орынбасары әрі Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи бейсенбі күні ядролық технология ұлттық күнінің оныншы жылдығы рәсімінде 1395 жылдың революцияның мәртебелі жетекшісі тарапынан «Қарсыласу экономикасы: әрекет ету және іске асыру» жылы деп аталуына сілтеме жасап: «Иранның ұлы халқы ислам революциясының салтанатты жеңісінен өткен қырық жылға жуық уақыт ішінде кейбір әлемдік алпауыттардың әрдайым ислам жүйесіне қарсы жалған уәждерді талқылауды мақсат еткенін өз тәжірибесінен біледі.

Өкінішке орай, өткен 12 жылда әлемдік айдындағы ықпалды елдер насихаттық және ақпарат құралдарын асыра пайдаланып, еліміздің бейбіт ядролық бағдарламасының мақсаттарына қатысты әлем жұртшылығын алаңдатып, күдік- күмән тудырумен айналысты.

Дұшпандардың бос талпынуына қарамастан, бөгделердің осындай мәселелерді талқылаудағы мақсатының Иран үкіметі мен халқының ілгерілеу мен жан-жақты даму бағытындағы әрекетіне кедергі келтіру үшін заңсыз әділтсіз қысымдар жасау болғаны баршаға аян болды» деді.

Тегтер