Ахваздағы қылмысты ДАИШ пен әл-Ахвазие лаңкестік тобы жүзеге асырған
https://itolqyn.com/news/iran-i39137-Ахваздағы_қылмысты_ДАИШ_пен_әл_Ахвазие_лаңкестік_тобы_жүзеге_асырған
Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласындағы лаңкестік шабуыл орын алғаннан бір күннен соң шабуылға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 24, 2018 18:26 Asia/Almaty
  • Ахваздағы қылмысты ДАИШ пен әл-Ахвазие лаңкестік тобы жүзеге асырған

Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласындағы лаңкестік шабуыл орын алғаннан бір күннен соң шабуылға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды.

Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың қамқорлығындағы ДАИШ лаңкестік тобы жексенбі күні бір бейнефайл жариялап, бұл топтың үш мүшесінің Ахваздағы лаңкестік шабуылға атсалысқанын мәлімдеді.

Мұның алдында "әл-Ахвазие" лаңкестік тобы Иран қарулы күштерінің әскери шеруіне қатысуға келген Ахваз тұрғындарына жасалған шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алған болатын.

ДАИШ тобы жариялаған бейнефайл Ахваздағы лаңкестік шабуылды ДАИШ және "әл-Ахвазие" топтарының бірлесіп жүзеге асырғанын және екі лаңкестік қозғалыстың да Сауд Арабиясына тәуелділігін көрсетіп отыр.

Иранның Барлау министрі Сейіт Махмуд Алави жексенбі күні: "Иранның қауіпсіздік күштері қылмыскерлерді іздестіруден бастап, тұтқындау және соттағанға дейін тыным таппайды. Ахваздағы адамзат баласына қарсы лаңкестік шабуылды ұйымдастырушыларға жойқын жауап беріледі",- деді.