Теһранда "Iran Plast-2018" халықаралық көрмесі басталды
(last modified Mon, 24 Sep 2018 18:13:44 GMT )
Қыр 25, 2018 00:13 Asia/Almaty

"Iran Plast-2018" халықаралық көрмесінің 12-ші кезеңі "Пластика өнеркәсібінің жаһандық бизнесін қарқындату" ұранымен Теһранда басталды.

Көрмеге 500 отандық компания мен 35 елден, соның ішінде Германия, Италия, Швейцария, Аустрия, Нидерланды, Қытай мен Оңтүстік Кореядан келген 165 шетелдік компания қатысып жатыр. Отандық пластика өнеркәсібінің нарығын қарқындату және жаһандық маркетинг үдерісін жеңілдету – төрткүндік көрменің мақсаттары. Елдің пластика өнеркәсібінің қарқындап дамуы өткен жылдары осы көрмені өткізу себептерінің бірі болды.