Иран АҚШ-тың санкцияларын залалсыздандыруға күш салады
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Теһранның АҚШ-тың заңсыз санкцияларын залалсыздандырып, тұрақсыздық тудыратын трансшекаралық заңдарының күшін біржолата жою бағытындағы талпыныстарын жалғастыратынын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні таңертең Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ-тың қатынасын сынап: "АҚШ үкіметінің өзінің біржақтылыққа бейім бүлдіргі болмысымен көпжақты ассамблеяны көпқырлылыққа шабуыл жасауға пайдаланып отырғаны өкіндіреді.
АҚШ-тың беделден айырылғаны соншалықты, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранмен бетпе-бет келмеу үшін әкімшілік үдерістердің артына тығылуға мәжбүр болды",-деді.
Зариф бейсенбі күні таңертең Twitter-дегі екінші жолдауында: "АҚШ үкіметі өзінің тұрақсыздық тудырудағы жауапкершілігін жасыру үшін жұрт назарын алдарқататын түкке тұрғысыз мәселелерді қажет етеді. Өйткені, барша бұл елдің өз елінің ішіндегі қиындық тудырушы қатынасы мен шетелдердегі бүлдіргі әрекеттеріне куә бола алады",-деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрі Twitter-дегі үшінші жолдауында: "АҚШ-тың бүлікшіл үкіметінің халықаралық жүйені тұрақсыздандыруға жауаптылығын түсіну үшін осы елдің БҰҰ-дағы өкілінің "есімдерді жазып алатыны" туралы дөрекі қоқан-лоққысы мен Трамптың қаржылай көмектерді тоқтатуы және осы елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің Халықаралық қылмыстық соттың қазыларын қудалау туралы қоқан-лоққыларын еске алу жеткілікті",-деді.