Қасиетті қорғаныс – барлық қастандықтардан өтетін басты кілт
Ислам революциясының жетекшісі қолбасшылар, жауынгерлер, ардагерлер мен өнерпаздардың бір тобымен кездесуінде Қасиетті қорғаныс кезіндегі жауынгерлер мен олардың отбасыларының естеліктерін Иран халқының теңдессіз қазынасы мен капиталы деп атады.
Хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күнгі кездесуде Қасиетті қорғаныс кезеңінің үстемшілдік жайлаған дүниедегі билік теңгерімінің жағдайын сипаттайтынын айтып: "Қасиетті қорғаныс туралы жазба еңбектерді аударып, өнер туындылары мен фильмдерді тарату арқылы Иран халқының иманы мен талпыныстары және жеңілмейтіндігі туралы жолдауды әлем халықтарына жеткізуіміз керек",-деді.
Қасиетті қорғаныс кезеңі (1980-1988 жылдардағы Ирактың Баас режимінің Иранмен 8 жылдық соғысы) – қазір өзінің 40 жылдығын гүлденген күйде өткізіп жатқан Ислам революциясы тарихының алтын дәуірі. 8 жылдық таңылған соғыс ғашықтық пен өз-өзіне сенімділіктің, жанкештілік пен жанпидалықтың және қарсыласу мен ержүректік мектебі болды. Бұлардың барлығы Иран Ислам республикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің «Біздің қолымыздан келеді» деген есте қаларлық сөйлемінен көрініс тапқан.
"Біздің қолымыздан келеді" деген ұран 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезеңінің айқын ерекшелігі. Өйткені, майданның бір жағында Саддамның қылмыскер режимі мен оның демеушілері тұрды. Олар сол кездегі заманауи қаруларды Ирактың ықтиярына беріп отырды. Майданның екінші жағы, яғни ислам шебі санкцияда болды, оған тіпті қарапайым заттарды импорттауға тыйым салынды. Мұндай теңсіз жағдай үстемшіл жүйе таңған соғыстың айуандық сипатын көрсетеді. Алайда, ислам жауынгерлері иман, жанкештілік, сүйіспеншілік пен талпыныстың арқасында ғашықтық пен жеңілмейтіндіктің дастанын жазып, ең жаңа соғыс құралдарына, тіпті химиялық қаруларға қарсы тұру арқылы әлемдегі билік теңгерімін бұзды.
Қасиетті қорғаныс кезеңіндегі Иран халқының талпынысқа толы жеңілмейтін рухы Иран Ислам революциясында тұрақты принципке айналды. Осы өміршең принцип Ислам революциясы тарихының әртүрлі кезеңдерінде дұшпандардың сұрқия жоспарлары мен қастандықтарын бұзды. 8 жылдық соғыс кезінде химиялық қаруларды қолданудан тайынбаған зұлымдық пен айуандықты жеңген руханилық исламдық Иранның бір қарыс жерінің дұшпанның қолында қалуына жол бермеді.
Фильмдер мен естелік кітаптар қалыбында Қасиетті қорғаныс кезеңіне қатысты есте қаларлық туындыларды қайта оқу және оларды әлемнің әртүрлі тілдерінде шығару Иран халқының рухани-мәдени болмысын таныстырумен бірдей. Сонда барша жұрт Иран халқының тіпті ең нашар жағдайда бір табан да артқа шегінбегенін көреді. Бұл табандылық пен жанпидалық белгілі бір кезеңмен шектеліп қалмай, қазір Ислам революциясының дұшпандары Иранның тарих тудырушы халқына қарсы қысымдарды арттырған кезде де әсерлі болып отыр.
АҚШ үкіметі бүгінде күн тәртібіне қойып, Иранды тізе бүктіруді көздейтін экономикалық соғысы мен зұлым санкциялары Қасиетті қорғаныс кезеңіндегі үстемшіл жүйенің жабайы әрі озбыр тәсілін қайталау болып табылады. Бұл кезеңнің тәжірибесі Иранның осы тарихи сынақтан сәтті өткенін және залымдардың алдында ешқашан кері шегінбегенін көрсетеді.