Шамхани Иран мен Ресейдің маңызды мәселелер жайында пікір алмасуы қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i39177-Шамхани_Иран_мен_Ресейдің_маңызды_мәселелер_жайында_пікір_алмасуы_қажеттігін_қуаттады
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Иран мен Ресейдің аймақтық және халықарлық маңызды мәселелер, соның ішінде лаңкестікпен күрес жайлы жақын әрі әсерлі түрде пікір алмасуы қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 27, 2018 21:38 Asia/Almaty
  • Шамхани Иран мен Ресейдің маңызды мәселелер жайында пікір алмасуы қажеттігін қуаттады

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Иран мен Ресейдің аймақтық және халықарлық маңызды мәселелер, соның ішінде лаңкестікпен күрес жайлы жақын әрі әсерлі түрде пікір алмасуы қажеттігін қуаттады.

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани бейсенбі күні Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен кездесуінде Ресей үкіметіне "Ортақ қадамды" қолдайтын ұстанымдары үшін алғыс білдіріп: "АҚШ басқармасы тарапынан қадағаланып отырған біржақты және халықаралық қауымдастықты әлсіретуші әдістер әлемнің, әсіресе аймақтың қауіпсіздігі мен экономикасы үшін қауіпті. Сондықтан ортақ қауіп-қатерлерге шынайы түрде қарсы тұру қажет.

АҚШ-тың Иран, Ресей және КХР-на қарсы санкцияны қару ретінде пайдалануы олардың дамуы, өркендеуі мен ойыншы ретіндегі қуатының артуына қатысты дәрменсіздігі мен артта қалушылық сезімімен байланысты. Сол себепті экономикалық ынтымақтастықтарды күшейтіп, сауда-саттық негіздерін оңтайландыру арқылы АҚШ-пен күресуге болады",- деп мәлімдеді.

"Аймақтық қауіпсіздік жөніндегі сұхбаттасулар" атты бірінші отырысқа қатысу мақсатында Теһранға сапармен келген Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы да сөйлеген сөзінде Таяу Шығыс аймағының АҚШ пен одақтастарының Ирак пен Сирияда жеңіліске ұшыраған лаңкестерді басқа елге көшіру қаупіне душар болып отырғанын, сондықтан алаңдаушылық тудырушы оқиғамен күресу үшін аймақтық серіктестік пен өзара әрекеттестікті арттырудың міндетті қажеттілік екендігін баса айтты.

Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы сондай-ақ, АҚШ-тың біржақты және қатерлі әрекеттерімен шынайы күреспеген жағдайда жақын арада әлемнің Ауғанстанда Ирак пен Сириядағы сияқты дағдарыстармен бетпе-бет келетінін ескертті.