Ислам революциясының жетекшісі қажылықтың саяси жолдауларын мұсылмандарға жеткізу қажеттігін қуаттады
(last modified Tue, 02 Oct 2018 12:35:36 GMT )
Қаз 02, 2018 18:35 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі қажылықтың саяси жолдауларын мұсылмандарға жеткізу қажеттігін  қуаттады

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні қажылыққа жауапты қайраткерлермен кездесуінде Ислам революциясы қажылығының саяси жолдауларын дүниеге жеткізуді қуаттады.

Аятолла Хаменеи Алла Тағаланың мұсылмандарға белгілі уақытта және арнайы мекенде қажылық рәсімдерін орындауға жиналуды бұйыруын мұсылмандар арасында қарым-қатынас орнатып, оларды арттыру және ислам үмбетінің күш-қуатын көрсету сияқты маңызды саяси жолдауларға ие деп бағалап: "Өте маңызды қажылықтың рухани тұрғысымен бірге орын алып жатқан оқиғалар мен исламдық мақсаттарға ерекше назар аударылып, оларға қатысты жобалар мен әрекеттерді қарастыру қажет",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің қажылықтың шындықтары мен саяси жолдауларына қатысты бөлімінде қажылықты дамыту сылтауымен исламдық мұралардың, соның ішінде Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.), имам Әли (ғ.с.), Исламның басындағы халифалар мен ислам дінінің жолында құрбан болғандардың мұраларының қиратылуына тоқталып, бұл әрекетті сынады.

Исламдық өркениеттің мұраларын қиратып,   тарихын өзгерту – заманауи кезеңде жалғасып келе жатқан Сауд әулетінің бұрмаланған наным-сенімдерінің тамыры.

Өткен бірнеше жылда дамыту және жаңа құрылыс жүргізу жобасы Исламның ұлық пайғамбары кезеңіндегі көптеген тарихи мұралардың қирап, жойылуына себеп болды.

АҚШ-та шығатын "Foreign Policy" журналы өз мәлімдемесінде исламдық мұраларды зерттеу ұйымының атқарушы директоры Эрфан әл-Алавиге сілтеме жасап: "Меккедегі тарихи мұралар жоспарланған бағдарлама бойынша қиратылуда",- деп жазды.

Британияның мұсылман зерттеушісі Зиаддин Сардар бұл туралы Франция  газеттерінің біріне берген сұхбатында: "Пайғамбардың (с.ғ.с.) дүниеге келген қаланы Дисней Лендке ұқсастырылып, жөнделді. Сауд Арабиясының билік басындағылары Меккенің тарихи мұраларын біртіндеп жоюда. 70-шы жылдардан бері исламдық тарихи мекендердің бағдарлама бойынша қиратылуына куә болып отырмыз",- деді.

Жасалған зерттеулер бойынша, 90-шы жылдардың ортасында Мекке мен Мединеде құрылыс басталғаннан бері мыңдаған жылдық тарихы бар ғимараттардың 95 пайыздан астамы қиратылды. Бұл әрекеттер 1904-1925-ші жылдардағы ащы оқиғаларды еске салады. Бұл жылдары Сауд әулеті Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің сахабаларының қабірлерін, мешіттерді, имамдардың үйлері мен олардың қасиетті мазарларын қиратқан. Сауд әулеті немесе уаһабшы фашистердің Арабстан түбегіндегі ислам өркениеті мен адамзат тарихын бұзу әрекеттерін ДАИШ басқа аймақтарда жалғастырды. Сауд әулетінің араб аймағында жасырын және әшкере түрде іске асырылып жатқан әрекеттерінің исламдық және адамзат өркениетінің белгілерін құртуды көздеп отырғанына күмән тумайды. Олар ваххабизм туын жоғары көтеріп, сионистік режимнің ықпалды құралына айналды. Осыған орай Ислам революциясының жетекшісі қажылық кезіндегі Исламның саяси жолдауларын жеткізу міндеттерінің  бірі ретінде Сауд әулеті  әрекеттерінің негіздерін әшкерелеп, исламдық құндылықтарды қиратудағы шынайы бейнесімен таныстыру екенін қуаттады.                                                                                                                                                                                                                 

 

                                                                                                                                 

 

Тегтер