Рухани: Халықаралық әділет сотының шешімі – Иран үшін жеңіс
https://itolqyn.com/news/iran-i39253
ИИР Президенті халықаралық әділет сотының шешімін Иран үшін үлкен жеңіс деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 04, 2018 16:58 Asia/Almaty
  • Рухани: Халықаралық әділет сотының шешімі – Иран үшін жеңіс

ИИР Президенті халықаралық әділет сотының шешімін Иран үшін үлкен жеңіс деп атады.

ИИР Президенті Хасан Рухани  сәрсенбі күні кешке саяси белсенділердің бір тобымен кездесуінде: "Халықаралық әділет сотының шешімі – үлкен саяси-құқықтық жетістік. АҚШ үкіметі оны орындаудан жалтаруы мүмкін.

АҚШ-та ИИР-ға өшпенділігі зор жаулардың бір тобы билік басына келді. Бұл елдің жаңа үкіметі ИИР-ды тізе бүктіреміз деп қиялдап, осы жолда бар күштерін салып жатыр",-деді.